Мәдениет

Данэлия "Балалар Евровидениесінде" шырқайтын әніне бейнебаян түсірді

© Sputnik / Тимур БатыршинДанэлия Төлешова
Данэлия Төлешова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бейнебаян Алматы жанындағы Шарын шатқалында түсірілген

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Қазақстанның жас дарынды әншісі Данэлия Төлешова "Өзіңе сен" әніне бейнебаян шығарды, бұл әннің ағылшынша нұсқасын "Балалар Евровидениесі" байқауында орындамақ.

Әннің қазақ тіліндегі мәтінін әншінің өзімен бірлесе отырып жазған –ақын Камила Даирова, ал ағылшын тіліндегі нұсқасын – украин Артем Кузьменков. Ән ағылшынша Seize the Time деп аталады.

Бейнебаян Шарын шатқалында түсіріліпті.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің соңында Данэлия Төлешова осы әнді шырқап, республикалық іріктеу байқауының финалына өткен болатын.

"Балалар Евровидениесі" 25 қарашада Минск қаласында болады.

Бұрын Данэлия Төлешова Украинадағы "Голос. Дети" байқауының жеңімпазы атанды.

Жаңалықтар
0