АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, телекомментатор Рэй Манчини Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жектің боксшылар үшін қаржы жағынан және спорттық карьера тұрғысынан тиімді екенін айтып өтті. Десе де үшінші жекпе-жектің болуына күмәнмен қарайтынын жасырмады.
Әрі қарай ол Головкин мен "Канелоның" екінші жекпе-жегінің нәтижесі күмәнді екенін айтты. Сондай-ақ, Альварес бірден Головкинмен реванш өткізуге келісімін береді деп күткен екен.
"Олар кімнің мықты екенін анықтауға асығады деп ойлап жүрсек! "Канело" — тамаша боксшы. Ол жуық арада Головкинмен тағы бір кездесу өткізсе, ғажап болатын еді. Бірақ Оскар Де Ла Хойя бұған жол бермейді. Меніңше, "Канело" енді ешқашан Головкинмен жұдырықтаспайды. Оскар бұған келіспейді", — деді ол.
Тағы оқыңыз: "Канелоның" допинг-тестіден өтпегені белгілі болды
Естеріңізге сала кетсек, 15 желтоқсан күні қазіргі WBA және WBC белбеулерінің иесі Сауль Альварес бір дәреже жоғары көтеріліп, екінші орташа ауыр салмақтағы WBA Regular белбеуінің иесі Роки Филдингпен жекпе-жек өткізеді. Бұл салмақ дәрежесіндегі басты WBA белбеуі Каллум Смитке тиесілі.