Спорт

Головкин "Канеломен" екінші жекпе-жек үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин – "Канело" екінші кездесуі биыл 15 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында болған еді

АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) екінші кездесуі үшін қанша гонорар алғаны жарияланды, деп жазады Sports.kz.

Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Спорт
WBC "Канелоны" Головкинмен жұдырықтасуға міндеттеді

The Ring журналының инсайдері Майк Коппинджер айтқандай, "Канеломен" рематчы үшін Головкиннің гонорары 30 миллион доллардан артып жығылған. Ал мексикалық боксшының қанша сыйақы алғаны әлі хабарланған жоқ, дегенмен, шетелдік тілшілердің жазуынша, ол 35 миллион доллардан кем пайда тапқан жоқ.

 — "Канело" екінші жекпе-жегі Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena рингінде биылғы жылдың 15 қыркүйегінде болды. Кездесу төрешілердің басым көпшілігінің дауысымен мексикалық былғары қолғап шеберінің пайдасына шешілген. 

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы матч 2017 жылы 16 қыркүйекте дәл сол шаршы алаңда өткен болатын. Қазір GGG үшінші жекпе-жектен үміттеніп отыр, алайда "Канело" промоутерлерінің жоспары басқа сияқты.

Жаңалықтар
0