Қоғам

Жасанды интеллект мемлекетті алмастыра ала ма?

Жазылу
Сергей Маленконың пікірінше, жасанды интеллект шенеуніктердің азаюына себепші болады, алайда мемлекетті алмастыра алмайды

АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Жасанды интеллект мемлекетті алмастыра алмайды. Бұл туралы бүгін Ресей ынтымақтастығы ТМД істері бойынша басқарма басшысы Сергей Маленко айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Робот - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Азаматтарға арналған үкімет" жасанды интеллект технологиясын енгізбекші

Маленконың айтуынша, жасанды интеллект жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сервистік қызметтерінің басым бөлігін алмастыратыны сөзсіз. Ал басқа адамдармен байланыс жасайтын қызметкерлердің керегі болмай қалады. 

"Мәселен, Беларусьтің мемлекеттік әуе компаниясы "Белавиа" call-орталықтағы қызметкерін роботқа алмастырды. Сall-орталыққа телефон шалсаңыз, сізге Вера есімді робот жауап береді. Бірақ әуе компанияның өкілімен ұрсысқыңыз келсе, онда робот сізді сөйлейтін адамға бағыттайды. Ал билетті брондаудан бастап ұшақ ішінде орынды ауыстыруға дейінгі барлық мәселені робот өзі шешеді", — дейді Маленко "Мемлекетаралық инновациялық ынтымақтастықты дамытуға арналған мүмкіндіктер ретінде жаңа нарықтар мен технологиялар" дөңгелек үстелінде. 

Ол жасанды интеллектің арқасында сыбайлас жемқорлық мәселесі оң шешіліп келе жатқанын атап өтті.

"Басқа мемлекеттер, соның ішінде де Қазақстан да шенеуніктер санын оңтайландыруды қолға алды. Мәселен, қол қойып, мөр басқаны үшін 1000 рубль алатын адам бірлік ретінде жойылады. Өйткені жүйе автоматты түрде жұмыс істейді", — дейді Маленко.

Оның айтуынша, жасанды интеллект мемлекетті ешқашан алмастыра алмайды. Бірақ міндеттерді орындау тиімділігінің артуына септігін тигізеді.

"Жасанды интеллектің келуімен мемлекет жойыла ма? Әрине, жоқ. Белгілі бір салаларда шенеуніктер азая ма? Әрине, иә. Сонымен қатар мемлекет ке да пайда әкеледі. Яғни, процесстерді басқару, міндеттерді орындау тиімділігін арттырады және тағы басқа", — деді ол.

Жаңалықтар
0