Қоғам

Адамның мұрнына қарап өтірік айтқанын білуге болады

CC0 / / Ер адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдардың айтуынша, адамның мұрнының температурасы оның жалған сөйлегенін білдіріп қояды

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Гранада университетінің ғалымдары анықтағандай, адамның мұрнының температурасы оның өтірік айтқанын білдіріп қояды, деп жазады РИА Новости.

қыз мен жігіт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар қандай адамдардың көзге шөп салуға бейім тұратынын анықтады

Тәжірибе барысында қатысушылар тобына өзінің жақындарын телефон арқылы алдауға тапсырма берілді. Еріктілерді адам денесіндегі жылудың таралуын бақылайтын арнайы құрылғымен бақылайды.

Суреттердегі инфрақызыл түстерден анық көрінгендей, адам өтірік айта бастағанда, мұрнының температурасы 1,2 градусқа төмендеп, маңдайы бір жарым градусқа қызған.

Ғалым Эмилио Гомеза Миланоның айтуынша, температураның төмендеуіне адам жалған сөйлегенде бойын билейтін қобалжу сезімі алып келеді екен. Бұдан бөлек, өтірік айтқанда адам ой еңбегін атқарады, сол себепті шекесі қызып кетеді.

Милано атап өткендей, бұл нәтиже тәжірибенің 80 пайызында расталған, демек бұл әдіс жалғандық детекторынан он пайызға сенімдірек.

Жаңалықтар
0