АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Квинсленд университетінің ғалымдары импульсивті, сондай-ақ сексуалдық серігі көп болған адамдардың шөп салуға бейім тұратынын анықтады, деп жазады The Independent.
Басылымның атап өтуінше, ер мен әйелдің арасындағы әрбір қарым-қатынас бірегей, дегенмен адамның опасыздық жасауға бейім екенін көрсететін белгілі бір факторлар бар.
Британдық психология журналында жарық көрген зерттеу қорытындысы бойынша импульсивті адамдар жағдай туралы ойланып-толғанбайды, эмоцияға беріліп кетіп, көзге шөп салуы мүмкін.
Сондай-ақ, зерттеушілердің айтуынша, өткен өмірінде сексуалдық серігі көп болған адам сүйіктісіне адалдық танытпай, басқаға көз сүзуі мүмкін.
Бұдан бөлек, ғалымдар көзге шөп салудың басты себептері ретінде арадағы қарым-қатынасқа көңіл толмаушылық пен араның суып кетуін айтып отыр. Зерттеу көрсеткендей, қарым-қатынас ұзақтығының ер мен әйелдің бір-біріне адалдығына әсері аз.
Тағы оқыңыз: Көзге шөп салған ерлі-зайыптыларды қылмыстық жауапқа тарту ұсынылды
Бұған дейін мамандар арнайы зерттеу жүргізіп, адамдардың қандай жаста көзге шөп салуға бейім келетінін анықтаған еді. Ғалымдардың пікірінше, 29,39 және 49 жас мейлінше қауіпті екен.