АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылғы діни мереке күндерінің кестесін жариялады.
Сондай-ақ, хадистерде Жаратушының түрлі белгі-аяттарын көріп, онымен тілдескені туралы жазылған. Осы түні мұсылман қауымға түнде бес уақыт намаз оқу парыз етілген.
Бұдан кейін 19-20 сәуір күні Бараат түні мерекесі келеді. Ал мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні, дүйсенбіде басталады.
Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. Артынша 4 маусым күні Ораза айт басталады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда қажылыққа бару бағасы қандай?
Арапа 10 тамызға белгіленсе, Құрбан айт 11-13 тамыз күндері өтеді. Сондай-ақ, 9 қыркүйек — Ашура күні, 8-9 қараша — жер бетіндегі барша мұсылман Мәуліт түні мерекесін қарсы алады.
Ескерту: Хижри айлардың басталуы Түркия мен Араб елдеріндегі халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Алайда діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.