АСТАНА, 1 қараша — Sputnik. Желтоқсанда қазақстандықтар бас-аяғы 13 күн демалады.
Қыстың алғашқы айы 1 желтоқсан күні тойланатын мемлекеттік мереке –Тұңғыш Президент күнімен басталады. Биыл ол сенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 3 желтоқсанға ауыстырылады.
Республиканың басты мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда аталып өтеді. Биыл 16 желтоқсан жексенбіге түседі, сондықтан сейсенбі, 18 желтоқсан демалыс күні болады.
Сондай-ақ жылдың соңғы дүйсенбісі, 31 желтоқсан да демалыс күні болады. 2018 жылдың соңғы жұмыс күні – сенбі, 29 желтоқсан.
Жаңа жылдық демалыс күндері төрт күнге – 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға (қоса алғанда) дейін жалғасады.