Оқиға

Павлодарда медицина қызметкерлері төбелесті: бірі жұмыстан қуылмақ

© Sputnik / Табылды КадырбековТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ведомство ғимаратында болған төбелестен кейін денсаулық сақтау басқармасында қызметтік тексеріс жүріп жатыр

ПАВЛОДАР, 16 қараша — Sputnik. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының маманы Нариман Шахмарданов пен № 3 қалалық аурухана дәрігері Марлен Ахметов арасында болған төбелестің мән-жайы белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, аппараттық жиналыстан кейін ер-азаматтар облыстық денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында бір-біріне жұдырық ала жүгірді — нәтижесінде екеуі де ауруханаға түсті.

төбелес - Sputnik Қазақстан
Әлем
"Өзің оңбаған!". Шенеуніктер тікелей эфирде төбелесті

Төбелестің шығуына болмашы жағдай себеп болды: №3 қалалық аурухананың вахтері шенеунікті тыйым салынған уақытта туысына кіргізбей қояды және дөрекілік танытқаны үшін ескерту жасайды. Алайда осы уақытқа дейін олар бір-бірінің үстінен шағым түсірмеген еді. Кейін Ахметов бұл жағдайға Шахмардановты кінәлап, полицияға арыз жазған.

Оның бұл позициясын облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшілігі қолдап отыр.

"Қазір біз Нариман Шахмардановқа қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатырмыз. Соның нәтижесіне сәйкес, жағдайды облыс әкімдігінің этика бойынша уәкілі қатысқан тәртіпке салу кеңесінде қараймыз. Меніңше, ол қатаң жаза алады, себебі тәртібі ақылға қонбайды. Оған мемлекеттік қызметшілер арасында орын жоқ", — деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ораз Мұқашев.

Тағы оқыңыз:

Мұнымен қатар, Мұқашев төбелескен екінші азаматқа да қатысты пікір білдірді.

"Мен Ахметов Марлен Нариманұлын көптен бері танимын. Бұл адамның өзіндік қағидалары бар, оны тек жақсы жағынан сипаттай аламын және осы жағдайға кінәсі жоқ деп ойлаймын. Қазір ол емделіп жатыр", — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Дәл қазір төбелесті бастады деген күдікке ілініп отырған Шахмардановтың, расымен де, миы шайқалған-шайқалмағанын анықтау үшін аймақта тәуелсіз коммисия құрылмақ.

Естеріңізге сала кетсек, бастапқыда Шахмардановтың ведомстводағы қызметіне байланысты да қарама-қайшы мәліметтер келіп түскен еді. Осы жылдың мамыр айынан бастап журналистерге оны ведомство жетекшісінің орынбасары қызметін атқарушы ретінде таныстырған-ды. Алайда осы соңғы жағдайдан кейін шенеуніктер оны бөлімдердің бірінің бас маманы ретінде таныстыра бастады.

әйелдер төбелесі, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда бойжеткенді соққыға жықты: жігіттер төбелесті сырттан бақылап тұрған

Бұл жағдайға қатысты облыстағы денсаулық сақтау басқармасында сырттай анализ жүргізген мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аймақтағы департаментінің қызметкерлері пікір білдірді. Осы тексеру кезінде Шахмардановтың жетекші орынбасары қызметін атқаруға мемлекеттік тәжірибесі жетпейтіні анықталған.

"Талдау жұмыстары бір ай бұрын аяқталды. Меритократия қағидаттары бұзылған. Біз қорытындыда осы фактіні көрсетіп, оны орындауға кеңес берген едік. Алайда әлі күнге дейін жүзеге аспады. Десе де, оны жүзеге асыру үшін жарты жылдай уақыт беріледі", — деді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша жемқорлықтың алдын алу департаменті басқармасының жетекшісі Назымбек Бекжанов.

Тағы оқыңыз:

Сондай-ақ, Ораз Мұқашев Шахмардановтың штаттық кестеге сай жетекші орынбасары ретінде емес, бас маман ретінде жалақы алып келгенін айтып өтті. Төбелес кезіндегі аппараттық жиналысты жетекшінің басқа орынбасары — Роза Жүсіпова жүргізді.

Жаңалықтар
0