Оқиға

Қостанайда бойжеткенді соққыға жықты: жігіттер төбелесті сырттан бақылап тұрған

© Sputnik / Жоомарт Ураимовәйелдер төбелесі, архив суреті
әйелдер төбелесі, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бойжеткен жанынан өтіп бара жатқан жігіттерден көмек сұрайды, бірақ ешкім көмектеспеген

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Қостанай тұрғынын жағалауда көпшіліктің алдында екі қыз соққыға жыққан. 

Оқиғаның видеосын бойжеткен Instagram-да жариялап, сол күні не болғанын баяндап берген.

Қолына кісен салынған әйел, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада екі қыз шетел азаматын таспен ұрып, тонап кетті

Оның айтуынша, оқиға 22 шілде кешкі он бір жарым кезінде болған. Медициналық университеттің студенті Айша Ысқақова жағалауда құрбыларымен бірге қыдырып жүргенде оларға бейтаныс екі қыз тиіскен. 

"Қыздар "бізге неге айқайлайсыңдар" деп тиісе бастады. Біз оларға ештеңе айтпағанымызды, тіпті оларды көрмегенімізді айттық. Ал олар маған балағат сөздер айта бастады…Осыдан кейін қыздардың бірі қолындағы заттарын құрбысына беріп, маған қарай беттеді. Ол менің қолымнан ұстап алды, әрі қарай ұрыс-керіс басталып кетті. Мен өзімді қорғау үшін оның шашына жармастым. Осы кезде екеуі бірдей жабыла кетті (екеуі менің шашымнан ұстап алып, ішімнен тепкіледі)", — деді Ысқақова. 

Айшаның құрбысы оны арашалай алмаған. 

"Мен көмек сұрап айғайладым, полиция шақыруды өтіндім. Ол жерде адамдар жүрді, мен үлкен ер адамдардың артына тығылып, жәрдем сұрап жалбарындым. Бірақ олар "Бізге проблема керек емес, өздерің шешіңдер" деп жауап берді", — деп жазды ол.

Бойжеткеннің құрбысы полиция шақырған, 15-20 минуттан кейін келген тәртіп сақшылары қыздарды ұстайды. 

Айша Ысқақова бұл жағдайды жұртқа жария қылғысы келмегенін, бірақ мәжбүр болып отырғанын атап өтеді. 

Тағы оқыңыз: Қостанайда 18 жастағы қызды өлтіріп кеткен, полицейлер қамауға алынды

Жазбаның астына пікір қалдырғандар сол жерде жүрген жігіттердің қыздардың төбелесін неге тоқтатпағанын түсінбей, қынжылыс білдерген. 

"Костанайские новости" басылымының хабарлауынша, қыз ауруханада жатыр, оның миы шайқалған. 

Төбелестің видеосын бойжеткен интернетте көріп қалған. 

Жаңалықтар
0