Әлем

Сүйіктісімен әзілдеспек болған әйел пойыз астына түсті — видео

© Photo : предоставлено пресс-службой национальной компании "Қазақстан темір жолы"Пойыз
Пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пойыздың станцияға келуін күткен қос ғашық сол сәтте сөз таластырып тұрған

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Қытайдағы Цзянсу провинциясы, Нанкин қаласында әйел өзінің сүйіктісін қорқыту үшін пойыз келе жатқанда теміржол платформасынан секіріп кетті. Бақылау камерасына түсірілген видео Newsflare сайтында жарияланды.

пойыз - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әскери адам жүріп бара жатқан пойыздың астынан баланы алып шықты - видео
Оқиға жұп пойыздың станцияға келуін күтіп тұрған кезде болды. Сүйіктісімен сөз таластырған қытайлық әйел кенеттен рельске қарай секіріп кетеді. Ер адам әйелдің артынан секіреді, ал теміржол қызметкерлері өз кезектерінде пойызды жүргізіп келе жатқан машиниске қолмен белгі бермек болады.

Әйел құтқарылды, бірақ пойыз келесі сапарына кешігіп шықты.

"Мен бар болғаны әзілдегім келді. Секірген соң біреудің мені бірден шығарып алғаны есімде. Пойыздың аяғымның тура қасынан жүріп өткенін көрген кезде, қатты қорықтым", — деді ол.

Әйел 200 юань көлемінде айыппұл төледі.

Қазан айында Қытайда анасы смартфонға қарап тұрған кезде бүлдіршіннің пойыз астына түскені туралы хабарланған еді. Қуаныштарына орай, ол аман қалды.

Жаңалықтар
0