Әлем

Әскери адам жүріп бара жатқан пойыздың астынан баланы алып шықты - видео

© Sputnik / Серикжан Ковланбаевпойыз
пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Анасы қозғалып кеткен пойызға секіріп мінген кезде қолынан ұстап келе жатқан кішкентай қызы пойыздың астына түсіп кетеді

АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Үнділік әскери қызметкер қозғалып бара жатқан пойыздың астына түсіп кеткен бес жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Мумбаи қаласындағы вокзалда бейнебақылау камерасы орнынан қозғалып кеткен пойызға кішкентай қызын ерткен әйелдің жүгіріп келе жатқанын түсіріп алған. Анасы вагонға секіріп мінеді, ал қолынан шығып кеткен қызы пойыздың астына түсіп кетеді.  

Станцияда жақын маңдағы орындықта отырған әскери адам шапшаң қимылдап, баланы пойыздың астынан алып шығады. 

Басылымның хабарлауынша, баланы құтқарып қалған адамның есімі — Сачин Пол. Бес жасар қыз бен оған вокзалдағы медициналық пункте көмек көрсетілген. 

Баланың әкесінің айтуынша, ол әйелінің алдында келе жатып, не болғанын көрмеген. Оның сөзіне қарағанда, Мумбаиға алғаш рет келген келіншегі пойыздың тез жылдамдықпен қозғалып кететінін білмеген. 

"Мен қызымды өлімнен құтқарып қалған ол адамға мәңгі қарыздар боламын", — дейді ол. 

 

Жаңалықтар
0