Әлем

Тоқсан бір жастағы қария әйелімен сүйісемін деп істі болды

© Sputnik / Медиабанкке өтуҚариялар
Қариялар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ тұрғыны Фэрфилд қаласында қарттар үйінде тұратын әйелін көруге барған

АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. АҚШ-тағы Коннектикут штатының 91 жастағы тұрғыны Хайнц Фонкузи қарттар үйіндегі әйеліне барып, ақыры соңында қамауға алынды. WTNH порталының жазуынша, полиция шақыруға ер адамның әйелін сүйгісі келгені себеп болыпты.

қарт адам, архив - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жүз екі жастағы қарияға әйел зорлады деген айып тағылды

Оқиға сейсенбі 13 қарашада Фэрфилд қаласындағы Regal Care қарттар үйінде болған. Полиция барғанда, ер адам әйелінің бөлмесінде болған. Мекеме қызметкері айтқандай, Фонкузиге әйелін сүюге тыйым салынған, себебі "қарт аузымен әйелге бірдеңе беруі мүмкін".

Полицейлер бұл шақыртуға таңғалмағандарын атап өтті: Фонкузи осымен 26 рет қамауға алынып отыр.

Ер адамды полиция бөлімшесіне алып келіп, қылмыстық іс қозғады. Қарияны үйіне қоя бергенімен, сот отырысына қатысуға міндеттепті.

Жаңалықтар
0