Әлем

Жүз екі жастағы қарияға әйел зорлады деген айып тағылды

CC0 / Bernd Schray / қарт адам, архив
қарт адам, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Австралияда Сидней қаласының маңындағы қарттар үйінде 102 жастағы ер адам 94 жастағы әйелге қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады, деп жазады SMH.

қыз бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкенттің 56 жастағы тұрғыны көршісінің 7 жасар қызын зорлады
Күдіктіге 94 жастағы әйелге шабуыл жасады деген айып тағылды, мұның үстіне қылмысты ауырлататын жағдайлар бар. Оқиғаның мән-жайы хабарланбайды.

Шабуыл жасаған ер адам мен зардап шеккен әйел қарттар үйінде тұрып жатқан.

Қазіргі уақытта күдікті сотқа дейін кепілмен босатылды. Ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қылмыстық іс бойынша сот 20 қарашада болады.

Жаңалықтар
0