Өңірлер

Шымкенттің 56 жастағы тұрғыны көршісінің 7 жасар қызын зорлады

© Photo : Fotolia/Vkaraқыз бала
қыз бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүлдіршіннің әке-шешесі сұмдық жағдай орын алған кезде жұмыста болған

ШЫМКЕНТ, 11 қазан — Sputnik. Шымкентте көршісінің 7 жасар қызын зорлаған 56 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды 

Қолына кісен салынған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ордабасыда үш жасар қызды зорлап өлтірді: әкесі күдікке ілінді

4 қазанда бір перзентке зар боп жүрген ер адам 2-ші сынып оқушысын зорлаған. Жасы алпысты алқымдаған шымкенттік көршісінің 7 жасар қызын өз үйіне ертіп әкеп азғындық әрекеттерін жасаған. Өзі отбасылы, зайыбы жұмыста болған уақытты пайдаланып, арам пиғылын іске асырған.

2011 жылы туған қыз бала апасының қарауына қалдырылған екен. Бүлдіршіннің әке-шешесі сұмдық жағдай орын алған кезде жұмыста болған. Күдіктінің өзі бұл іске араққа мас болған халде барғанын айтып отыр.

1962 жылы туған ер адамды тәртіп сақшылары құрықтады.

"Ол ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-ші бөлігімен айыпталып отыр. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктіні тергеу кезінде қамауға алу туралы санкция берді", — деп хабарлады Шымкент қаласы тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.

 

 

Жаңалықтар
0