Мәдениет

Самал Еслямова түскен фильм Германияда бас жүлдені жеңіп алды

© AFP 2024 / Loic VENANCEРежиссер Сергей Дворцевой мен актриса Самал Еслямова, архивтегі сурет
Режиссер Сергей Дворцевой мен актриса Самал Еслямова, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Айка" фильмі гран-примен қатар қазылардың арнайы жүлдесін де қанжығаға байлады

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Қазақ қызы Самал Еслямова басты рөлді сомдаған "Айка" фильмі Германияның Коттбус қаласында өткен халықаралық кинофестивальде гран-приге ие болды.

Конкурста 40 елден 190 фильм сынға түскен. Гран-примен қатар "Айка" қазылардың арнайы жүлдесін де қанжығаға байлады, деп хабарлайды "Хабар 24". 

Актриса Самал Еслямова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Самал Еслямова халықаралық кинофестивальде тағы да үздік актриса атанды

Айта кетейік, кинотуындыны режиссер Сергей Дворцевой түсірген. Еңбек мигрантының өмірі мен оның Мәскеуде көрген қиыншылықтары туралы фильмге жергілікті көрермендер жоғары баға берген. Олардың айтуынша, Самал Еслямованың рөлді шынайы, асқан шеберлікпен сомдауы фильмнің өзге бәсекелестерінен дараланып, озық шығуына сеп болған. 

Естеріңізге сала кетейік, Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанған еді.

"Мен мұндай фестивальдерге көптен бері қатысып келемін. Еңбегіңнің бағаланғаны қуантады, әрине. Фильмнің түсіріліміне дайындық басталғанда, ойланбастан Самалды рөлге бекіттім. Ұлты қырғыз болмаса да, қырғыз тілін үйреніп, өте жақсы ойнады", — дейді "Айка" фильмінің режиссері Сергей Дворцевой.

Жаңалықтар
0