Қоғам

Астанада сөмкеден ақша ұрлаған танымал экс-шенеунік сотталды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуПолицей кісенді шешіп жатыр, архивтегі фото
Полицей кісенді шешіп жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы сотта әйелдің сөмкесінен бар-жоғы 4500 теңге алғанын мәлімдеді

АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қобыланды Мусин Астанада үш жылға бас бостандығынан шектелді.

Фемида - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Түркістанның бас судьясы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Сот Мусинді ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп тауып, жыл сайын жүз сағаттан мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үш жылға бас бостандығынан шектеуге шешім қабылдады.

Мусин өзінің тұрғылықты жерін өзгертіп, көңіл көтеру орындарына бара алмайды, сондай-ақ, үйден сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін шығуға рұқсат етілмейді.  

Сонымен қатар, ол жәбірленушіге 1,8 миллион теңге (4 мың 811 АҚШ доллары) көлемінде материалдық шығын, ал мемлекеттің кірісіне 18 мың теңге (48 доллар) мемлекеттік баж төлеуге міндетті.

Астана мейрамханасындағы ұрлық 

Биыл жазда елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің сөмкесінен қомақты ақша жоғалды. Мәдениет министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы күдікке ілінді, ол жәбірленушімен бір үстелде отырған. Сотта Мусин миллионды емес, тек 4,500 теңге алғанын мәлімдеді.

Мусин әр жылдары президент іс басқарушысының  орынбасары, туризм және спорт вице-министрі, туризм және спорт министрлігінің (қазіргі Мәдениет және спорт министрлігі) жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.


Жаңалықтар
0