Қоғам

Түркістанның бас судьясы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

© Photo : РixabayФемида
Фемида - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Судья қомақты қаражат үшін сотталушының жазасын жеңілдетуге уәде берген

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Түркістан қалалық сотының төрағасы ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сот - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте есірткі сатқан полицейлер сотталды

Сот жүйесінде 25 жыл істеген Омар Серікбаев былтыр қазан айында 3 миллион теңге алып жатқан кезінде қолға түскен еді. Істі өзі жүргізбесе де, сотталушыға жеңілірек үкім шығарып беруге көмектесемін деп қомақты қаржы талап еткен. 

Оның ісін қараған шымкенттік әріптестері көп созбай бірден үкім шығарды. Енді 3 жарым жыл қамауда отыруы тиіс Фемиданың экс-қызметкері өмір бойына өз саласынан аластатылды.

Жаңалықтар
0