Өңірлер

Шымкентте есірткі сатқан полицейлер сотталды

© Photo : pixabay.com/AJELСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төрт учаскелік инспектор есірткіні сатуға дайындағаны үшін айыпты деп танылды, бірақ олар кінәсін мойындамаған

АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. Бұрынғы полицейлер есірткіні қолданып, сатқандары үшін айыпты деп танылды. ОҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Абай АІІБ бұрынғы төрт қызметкері – Біржан Баязеров, Нұрсұлтан Алғи, Тимур Ділдәбеков, Нұрсұлтан Досполвқа үкім шығарылды, деп жазады "Отырар" басылымы.

Би кеші, дискотека - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: мені жастардың есірткі қолданатыны қынжылтады

"Үш адам "Қылмысқа дайындалу", "Есірткіні заңсыз сату", "Есірткі пайдаланбақ болу" баптары бойынша айыпты деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Төртінші жігіт есірткіні пайдаланбақ болды деген айыппен сотталған. Марихуананы сатар кезде ол оқуда болыпты. Сондықтан үш жылға ғана сотталды. Барлығы шенінен айырылып, құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге он жыл тыйым салынды", — деді сот өкілі Әбинұр Қарабаев.

Сотталушылар айыбын мойындаған жоқ. Олардың айтуынша, шынайы қылмыскерлерді ұстамақ болып, өздері қармаққа түскен. Үкім заңды күшіне әлі енбеді.

Жаңалықтар
0