Өңірлер

"АрселорМиттал Теміртау" комбинатындағы төтенше оқиғаның мән-жайы белгілі болды

© Photo : предоставлено КЧС МВД РК"АрселорМиталл Теміртау" комбинатындағы өрт
АрселорМиталл Теміртау комбинатындағы өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, оны индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің басшысы басқарады

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ директоры Вадим Басин газ құбырындағы төтенше жағдайдың салдары туралы айтты. Оның хабарлауынша, зардап шеккен бес адамның екеуі жеңіл-желпі жарақат алған, қалған үшеуі әлі емделіп жатыр.

Өрт сөндіруші, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қызылорда облысында әкімдік өртеніп кетті

Апат салдарынан оттегі құбыры, азот құбыры, сутегі құбыры, сұйылтылған газ құбыры мен сығылған ауа құбыры бұзылып қалған. 

"Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар атқарылып, тез арада жағдайды бағалап, комбинат жұмысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді", — деп мәлімдеді Басин.

Спикер атап өткендей, жойқын гидродинамикалық соққы сол эстакадада орналасқан бірнеше құбырды зақымдаған. Диаметрі шағын сұйылтылған газ құбыры жарылған кезде, өрт шығып кетті. Жапқышы жабылған соң, жалын ауыздықталыпты.

Апаттың себебін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, оны Қазақстанның инвестиция және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы басқарады.

Айта кетсек, "АрселорМиттал" мүлкі сақтандырылған. Жауапкершіліктің максималды шегі бір миллиард теңгеге жетпейді (Ұлттық банк курсы бойынша 2,7 миллион доллар).

"Еуразия" сақтандыру компаниясы хабарлағандай, зардап шеккен "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлеріне 8,2 миллиард теңгеден астам сақтандыру төлемдері төленген.

Жаңалықтар
0