Өңірлер

Қызылорда облысында әкімдік өртеніп кетті

© Photo : предоставлено ДЧС СКОӨрт сөндіруші, архив сурет
Өрт сөндіруші, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ең жақын өрт сөндіру қызметі әкімдіктен 51 км жерде болған, өрт сөндірушілер оқиға орнына 45 минутта жетті

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Қызылорда облысында Жалағаш ауданында ауыл әкімдігі өртенді.

Павлодар облысында ірімшік өндіру цехі өртенді - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодар облысында ірі кәсіпорын өртке оранды - фото

Таңғы сағат 07.15-те Жанталап ауылындағы ғимарат түгел отқа оранып, өрт сөндірушілер оқиға орнына 45 минутта жеткен. Ең жақын бөлімше 51 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

Өрт  08.24-те ауыздықталып, 9.00-де толығымен сөндірілді.

ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың берген мәліметі бойынша, өрт аумағы 84 шаршы метр. Өртті сөндіруге 5 адам, бір техника және жеті ерікті жұмылдырылды.

Төтенше жайт салдарынан ешкім зардап шекпеді. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0