АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Павлодар облысы Успен ауданы Константиновка ауылында "РЭГ Тайм" шаруа қожалығында өрт шыққан.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет хабарлағандай, аумағы 500 шаршы метр ірімшік өндіруші цехтің шатыры өртеніпті.
"Өрт 14:12-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан жеті адам мен екі техника жұмылдырылды. Және еріктілерден 30 жұмысшы мен жеті техника қосылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", — деп мәлімет берді Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
"РЭГТайм" шаруа қожалығы – Қазақстандағы ең ірі ірімшік өндірушілердің бірі.
© Photo : предоставлено КЧС МВД РКПавлодар облысында ірімшік өндіру цехі өртенді
1/2
© Photo : предоставлено КЧС МВД РК
Павлодар облысында ірімшік өндіру цехі өртенді
© Photo : предоставлено КЧС МВД РКПавлодар облысында ірімшік өндіру цехі өртенді
2/2