Оқиға

Еуропа көгінде "Эйр Астана" ұшағының дабыл жүйесі іске қосылды

© Photo : Пресс-служба "Эйр Астана"A320NEO Эйр Астана ұшағы
A320NEO Эйр Астана ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуе оқиғасы жексенбіде болған. Борттағы адамдардың ешқайсы зардап шекпеді

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Air Astana ұлттық әуе компаниясының ұшағы ақаулық табылуына байланысты Португалияға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанадан ұшып шыққан ұшақ Уфаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

Оқиға жексенбі, 11 қарашада болды. Португалияда техникалық қызмет көрсету орталығында тұрған Эмбраер 190 әуе кемесіндегі техникалық ақаулық дабылы іске қосылған.

Экипаж Бейджа қаласындағы (Португалия) қосалқы аэродромға қонуға шешім қабылдады.

Қону кезінде төтенше жағдай болмады. Бортта экипаж мүшелері ғана болған.

Бірнеше күн бұрын Алматы-Тбилиси рейсін орындаған Air Astana ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтауға қонуға мәжбүр болған еді. Ал жерде ұшуды жалғастыруға мүмкіндік бермейтін техникалық ақаулық табылған. 


 


Жаңалықтар
0