Саясат

Назарбаев: Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық

© Sputnik / Владислав ВодневПутин Назарбаевты құшақтады - ҰҚШҰ саммиті
Путин Назарбаевты құшақтады - ҰҚШҰ саммиті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Петропавлдағы форум, президенттің айтуынша, ынтымақтастықтың тиімді алаңына айналды

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Петропавлдағы Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумында құттықтау сөз сөйледі.

Петропавл - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавл Путин мен Назарбаевты қалай қарсы алды — фото

"Кездесуге разымын. Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық деген сөз бар. Біз көршіміз, ағайынбыз. Форум тиімді мемлекетаралық алаңқайға айналды. Ынтымақтастықтың маңызды институты болып отыр. Форумдарда 200 келісім мен шартқа қол қойылды, олардың жүзеге асырылуы өңірлерге ғана емес, қос ел экономикасының жекелеген салаларына да септігін тигізуде", — деді Қазақстан президенті.

Елбасы атап өткендей, "көршілеріміз біздің тәжірибемізді үйреніп жатыр", Өзбекстан да осындай өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуді жоспарлап отыр.


Жаңалықтар
0