АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға өтті.
Бейсенбі күні Астанада ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы хатшылар комитетінің, сыртқы істер және қорғаныс министрлері кеңесінің біріккен отырысы өтті.
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан өкілдері қатысты.
Халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, әскери серіктестік және заманауи қауіппен күрес сынды мәселелер күн тәртібіне қойылды.
Келесі біріккен отырыс 2019 жылы Қырғызстанда өтеді. Бейсенбі күні мемлекет Қазақстаннан ҰҚШҰ төрағалығын ресми қабыл алды.
Қазақстан сыртқы істер министрлігіндегілер блокқа мүше мемлекеттердің президенттеріне бірқатар құжат жолдағанын айтты. Оларды бүгін, 8 қараша күні, лидерлер ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік сессиясы кезінде қарайды.
Жоспар бойынша, Астанада ҰҚШҰ бақылаушысы мен серіктесінің мәртебесіне, сондай-ақ ұйымның дағдарыс кезінде әрекет ету орталығына қатысты шешім қабылдануы керек.
ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қорытынды құжат болмақ.
ҰҚШҰ бас хатшысы вакансиясының тағдыры шешілуі мүмкін болғандықтан, Астанадағы саммиттің маңызы зор. Бұрын бұл қызметте Юрий Хачатуров болды.
1992 жылы 15 мамырда, осыдан 26 жыл бұрын Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сынды тәуелсіз мемлекеттер достастығы басшылары Ташкентте келісімшартқа қол қойған еді.
Қазіргі сәтте ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.