АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Лос-Анджелеске жақын жердегі Саузанд-Оакс қаласында 7 қарашада болған атыс салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
Агенттіктің мәліметі бойынша, 12 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған, атқыштың көзі жойылды. Бұл туралы жергілікті полиция шерифі Джефф Дин баспасөз мәслихатында хабарлаған.
Қаза тапқандар арасында, шериф атап өткендей, жергілікті сержант Рон Хелус бар, ол атыс кезінде оққа ұшыпты.
Шериф Диннің сөзіне сүйенсек, оқиға орнынан бір тапанша табылды. Күдікті өз-өзін атып өлтірді ме, әлде оған біреу оқ атты ма – әлі белгісіз.
Айта кетсек, қаруланған ер адам Borderline Bar and Grill түнгі барына келіп, жиналған жұртқа 30 шақты оқ жаудырған. Оқиға кезінде барда жүзге жуық адам болды, дені студенттер.
Полиция атқыштың кім екенін анықтап жатыр.