Оқиға

Шымкент көшесінде атыс: бір адам көз жұмды

Жазылу
Күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды

ШЫМКЕНТ, 12 қазан – Sputnik. Шымкентте кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

пистолет, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Сарыағашта тағы да атыс: полиция көрші ауылдың тұрғынын өлтірген адамды іздеп жатыр

Оқиға  қаланың Самал шағын ауданында болған. Көшеде екі топ бозбала өзара ерегісіп, кикілжің туындаған. Төбелесе кеткен қос тарап кім мықтыны анықтамақ болған көрінеді. Жаппай төбелес кезінде бозбалалардың бірі шолақ мылтықпен құрдасын атып жіберген. Жарақат алған жас жігіт ауруханаға жетпестен, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. 

"Аса ауыр қылмыс болғандықтан, құрықталған күдіктіге күзетпен бұлтартпай ұстау шарасынан басқа шараға тыйым салынды. Адам қазасы болғандықтан кепіл шарасынан бас тартылды. қаласы мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды"-деп мәлімдеді судья Қамшыбек Анарбаев.

Жаңалықтар
0