Саясат

Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінде жаңа жобаны қолға алды

© Sputnik / Ксения ВоронинаАқтау
Ақтау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Ортақ жобаның қалай жүзеге асырылып жатқанын Sputnik материалынан оқыңыз

ПЕТРОПАВЛ, 8 қараша — Sputnik. Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінде круиз туризмін дамытады, деп хабарлады РФ мәдениет министрлігі туризм бойынша федералды агенттіктің басшысы Олег Сафонов Петропавлдағы Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Владимир Путин пен Нұрсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Назарбаев пен Путин "Бәйтерек" ғарыш кешенімен танысады

"Қазір Ресейде де, Қазақстанда да болмаған жаңа ортақ жобаны қолға алдық – Каспий теңізіндегі круиз туризмі", — деді ол.

Сафоновтың сөзіне сүйенсек, 2015 жылдан бастап Ресейдің Астрахань және Нижегород облыстарындағы зауыттарда екі кеме құрастырылып жатыр. 2020 жылы олар Каспий теңізінде круизге шығып, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Әзербайжан, Иран, Түркіменстандағы порттарға барады.

"Каспий маңындағы елдерің бәрі қолдау көрсетіп отыр. Круиз сәтті дамиды деген үміттеміз", — деп сөзін түйіндеді Сафонов.

Жаңалықтар
0