Назарбаев пен Путин "Бәйтерек" ғарыш кешенімен танысады

© Sputnik / Алексей Никольский / Фотобанкке өтуВладимир Путин пен Нұрсултан Назарбаев
Владимир Путин пен Нұрсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қазақстан мен Ресей президенттеріне ғарыш кешенінің жобасын Петропавлда форум барысында көрсетеді

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин "Бәйтерек" ғарыш кешенінің жобасымен танысады.

Жобаның таныстырылымы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында таныстырылады, деп хабарлайды РИА Новости Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасап. 

"Пленарлық отырыстың алдында біздің президент пен Назарбаев бөлек кездесу өткізеді. Сонымен бірге ресейлік-қазақстандық "Бәйтерек" ғарыш ракета кешенінің таныстырылымы өтеді", — деді Ушаков. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Путинге көңіл айтты
Сондай-ақ, екі елдің президенті Қазақстан мен Ресей өңірлерінің туристік көрмесіне қатысады. 

Бұдан бөлек, РИА Новости дереккөзге сілтеме жасай отырып, Қазақстанда Ил-103 жеңіл көпмақсатты ұшағының жаңғыртылған нұқсасының өндірісін іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлайды. Тиісті келісімге өңіраралық ынтымақтастық форумында қол қойылады. 

Еске сала кетейік, 8 қарашада Путин Қазақстанға келеді, ол Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитіне және Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысады. Мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін форумда 30 үкіметаралық және өңіраралық құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0