Саясат

Астанадағы саммитте Путин Назарбаевты құшақтады

© Sputnik / Владислав ВодневПутин Назарбаевты құшақтады-Астанада ҰҚШҰ саммиті басталды
Путин Назарбаевты құшақтады-Астанада ҰҚШҰ саммиті басталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҰҚШҰ-ға мүше елдер көшбасшылары жиырмаға жуық құжат қарайды

АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Владимир Путин пен Нұрсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Назарбаев пен Путин "Бәйтерек" ғарыш кешенімен танысады
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұйымға қатысушы елдердің көшбасшыларын қарсы алды. Кездесуге алғаш болып Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян кірді, одан кейін Беларусь президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков және Ресей президенті Владимир Путин. 

Владимир Путин қуанышты жүзбен Назарбаевтың қасына келіп, қазақстандық әріптесінің қолын қысып қана қоймай, оны құшақтады. 

Келіссөзді бастамас бұрын, мемлекет көшбасшылары бірге суретке түсті. 

Астанадағы ҰҚШҰ саммиті туралы не білу керек?

ҰҚШҰ-ға мүше елдер көшбасшылары 20-ға жуық құжат қарайды. Астанада, жоспар бойынша, ҰҚШҰ серіктесі мен бақылаушысының мәртебесі туралы, сондай-ақ ұйымның дағдарыс кезінде әрекет ету орталығын іске қосу бойынша шешім қабылдануы тиіс. 

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қорытынды құжат болмақ.

© Sputnik / Владислав ВодневАстанадағы ҰҚШҰ саммитіне жиналған президенттер, 2018 жылдың 8 қарашасы
Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне жиналған президенттер, 2018 жылдың 8 қарашасы - Sputnik Қазақстан
1/2
Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне жиналған президенттер, 2018 жылдың 8 қарашасы
© Sputnik / Владислав ВодневАстанадағы ҰҚШҰ саммитіне жиналған президенттер, 2018 жылдың 8 қарашасы
Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне жиналған президенттер, 2018 жылдың 8 қарашасы - Sputnik Қазақстан
2/2
Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне жиналған президенттер, 2018 жылдың 8 қарашасы
1/2
Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне жиналған президенттер, 2018 жылдың 8 қарашасы
2/2
Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне жиналған президенттер, 2018 жылдың 8 қарашасы

Саммитте ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымының тағдыры шешілуі мүмкін. Бұған дейін, Арменияда конституциялық құрылымды құлатуға қатысты деп айыпталған Юрий Хачатуров қызметінен айырылған еді.

Бейсенбі күні Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалықты ресми түрде Қырғызстанға тапсырды. 


Жаңалықтар
0