АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Британиялық промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің екінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
Аталған жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтті. Төрешілер жеңісті "Канелоға" беруді ұйғарды: 114-114, 115-113, 115-113.
"Бокс әлемінде екінші жекпе-жекке қатысты көптеген пікір айтылып жатыр. Кейбіреуі "Канело" жеңді деп ойлайды. Бірақ "Канело" қарсыласын жойқын соққының астына алғанына қарамастан, көпшілік бұл жекпе-жекте Головкиннің жеңіске жеткеніне сенімді. Соңында Головкиннің түрі соғысқа барып келгендей болып тұрды!" — деді Хирн.
GGG мен "Канелоның" екінші жекпе-жегі 2017 жылы қыркүйекте өтіп, ол кезде жеңіс ешкімге берілмеді.