Спорт

Головкин-Чарло жекпе-жегі өте ме? GGG-дің промоутері жауап берді

© AFP 2024 / Frederic J. BrownГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Том Леффлердің пікірінше, Головкиннің Чарлоға қарсы жекпе жегін өткізудің еш мәні жоқ

АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер Boxingscene.com порталына берген сұхбатында Showtime телеарнасымен келісімшартқа қол қойып, оның клиенті америкалық Джермалл Чарломен (27-0, 21 KO) жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Sports.kz. 

Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Джейкобс Головкин – "Канело" жекпе-жегін қайта көріп, жеңімпазды атады

– Showtime телеарнасында Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізу жайлы  не айтасыз? Олармен келісім жасап, оны ұйымдастыра аласыз ба?

– Жоқ. Чарломен кездесудің ешқандай мәні жоқ. Ол жекпе-жек өтпейді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) толыққанды чемпион Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) жекпе-жек өткізу құқығы үшін Головкин — Чарло іріктеу жекпе-жегін өткізуге рұқсат берген болатын. Бірақ бұл идея қос команданы да қуанта қоймады. Головкин рингке көктемде оралады, ал Чарло келесі жекпе-жегін 22 желтоқсан күні америкалық кіші Вилли Монроға (23-3, 6 КО) қарсы өткізеді.

 

 

 


Жаңалықтар
0