АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Кофе дәндерін қуырған кезде Альцгеймер және Паркинсон ауруларының алдын алатын фенилиндан заты түзіледі, деп хабарлайды Крембиль зерттеу институты мен Торонто университетінің ғалымдары. Зерттеу нәтижелері ScienceDaily порталында жарияланды, деп жазады РИА Новости.
Жұмыс авторлары кофенің үш түрін зерттеген: жеңіл-желпі қуырылған кофе, сондай-ақ қатты қуырылған, құрамында кофеині бар және кофеині жоқ кофе. Белгілі болғандай кофенің соңғы екі түрі қартайғанда ақыл-ой қабілетінің төмендеуінің алдын алады екен, демек Альцгеймер және Паркинсон сияқты дерттерден сақтайды. Және бұл жағымды қасиеті құрамындағы кофеинге емес, қуырған кезде түзілетін басқа қосылысқа байланысты.
Адам ағзасына пайдасы мол бұл зат фенилиндан антиоксиданты болып шықты. Ол ақыл-естің төмендеуіне әкеп соғатын нейрофибриллалар — амилоид түйіндерінің пайда болуына кедергі жасайды.
"Фенилинданның ерекшелігі сол, Альцгеймер және Паркинсон дерттеріне тән бета-амилоидтар мен тау-нәруыздарының жиналуынан сақтайтын жалғыз қосылыс болып саналады", — деп атап өтті зерттеушілердің бірі Дональд Уивер.