Әлем

Ғалымдар қартаюды баяулататын өнімдерді атады

© pixabay / Sabine van ErpКәрілік
Кәрілік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шоколад, шай, кофе және шараптың құрамындағы гидрохинондар мырышпен бірге қартаюды баяулатады

АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Эрланген-Нюрнберг университетінің (Германия) ғалымдары шоколад, шай, кофе және шараптың құрамында болатын гидрохинондар мырышпен бірге қартаюды баяулатып, қышқылдандыру процесін тежейтінін анықтады. 

Ғалым - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар қатерлі ісік пен кәрілікті қашан жеңетінін айтты
Ғалымдардың зерттеуі Phys.org порталында жарияланған.

Мамандар мырыштың гидрохинон топтарын белсенді етіп, дененің биомолекулаларын зақымдайтын супероксидтен табиғи қорғаныс түзетінін анықтады. 

Супероксидті тек гидрохинон ғана бұза алады. Мырыш пен гидрохинон біріккенде түзілетін заттар адам ағзасын қышқылданудан болатын деградация процесінен қорғап, антиоксидантты әсер көрсетеді. Осылайша, супероксид қышқылдану стресінің алдын алуға көмектеседі. 

Қартаюды баяулататын гидрохинон шоколад, шай, кофе және шараптың құрамында кездеседі. 

Бұған дейін диетологтар Жерорта теңізі диетасы мен балық пен теңіз өнімдерінен жасалған тағамдар қарт адамдардың денсаулығына пайдалы екенін анықтаған еді. Олардың пайымынша, теңіз өнімдерінің құрамында пайдалы май қышқылдары көп.

 

Жаңалықтар
0