Қазақстан Илон Масктың зымыранымен спутник ұшырады

© AP Photo / Matt Hartman via APFalcon 9
Falcon 9 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вице-министр Нұрғожиннің айтуынша, 19 қарашада Қазақстанның спутниктері "Falcon 9" зымыранымен ұшырылатын болады

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Қазақстан Falcon 9 зымыран-тасығышымен Калифорниядан екі спутник ұшырмақ.

Google - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Илон Маск Google-дан Қазақстан президенті туралы сұрады

Бұл туралы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожинге сілтеме жасап "Астана" телеарнасы хабарлады.

Вице-министр Астанадағы "Digital Bridge" халықаралық инновациялық форум кезінде хабарлағандай, Қазақстанның 150-ден астам инженері Еуропа, Англия және Ресей кәсіпорындарында тағлымдамадан өткен. Бәрі дұрыс болса, 19 қарашада екі спутник ұшырамыз", деп мәлімдеді Нұрғожин.

Бұдан бұрын белгілі болғандай, Қазақстан биыл Falcon 9 зымыран-тасығышымен ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесінің екі спутнигін ұшыруды жоспарлап отыр. Біріншісі – Жерді алыстан зондтау микроспутнигі, оны қазақстандық және британдық мамандар жасап жатыр. Екіншісі – отандық өнеркәсіп жасап шығарған ғылыми мақсаттағы аппарат. Нано-кластық спутник Жердің ионосферасын зерттейді.

Зымыран ұшыру - Sputnik Қазақстан
"Байқоңырдан" зымыран ұшыру уақытша тоқтатылды

Сонымен қатар, Нұрғожиннің айтуынша, отандық инженерлер мен конструкторлардың өнімдері ғарышта сынақтан өткізіліп жатыр. Осының нәтижесінде Қазақстан өз спутниктерін жасап шығарып, сату мүмкіндігіне ие болады. Ең әуелі қазіргі аппараттардың орнын басатын байланыс спутниктерін жасауды қолға алу керек.

Естеріңізге сала кетсек, Falcon 9 — Илон Маскқа тиесілі SpaceX америкалық компаниясының зымыран-тасығышы.

Жаңалықтар
0