Өңірлер

Шығыс Қазақстанда жазасын өтеуші түрмеден қашпақ болды

© AFP 2024 / JAY DIRECTOТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық ұлан сарбазы жазасын өтеушінің қашып бара жатқанын көріп, аспанға оқ атқан

АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Шығыс Қазақстанда Ұлттық ұлан сарбазы түрмеден қашпақ болған жазасын өтеушіні тоқтатты. Әскери қызметкер аспанға оқ атып, қауіп батырмасын басқан кезде, жедел кезекші тобы тез арада жетіп, қашқынды қолға түсірген.

Түрме күзетшісі, - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстанның оңтүстігінде қылмыскер колониядан қашып кетпек болды

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі хабарлағандай, Шемонаиха ауданы Половинка ауылындағы түзету мекемесінен қашпақ болған жазасын өтеуші қолға түсті.

"Сотталған азамат Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік командованиесі 6699 әскери бөлімшесі күзететін тыйым салынған аумаққа өтіп, қашуға талпыныс жасаған", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қашқын күзетшінің айғайына тоқтамапты. Сол кезде қауіп батырмасын басқан әскери қызметкер жазасын өтеушіні тоқтату үшін аспанға оқ атты. Бірақ бұл да жеткіліксіз болған.

"Ол негізгі қоршауға қарай жүгіріп, ішкі бақылау аумағына кірген. Күзетші "Тоқта, атамын!" деп айғайлап, аспанға оқ атады. Оқ атылғаннан кейін жазасын өтеуші бағытын күрт өзгертіп, бақылаушылар жолымен басқа постқа қарай қаша жөнелді", — деп хабарлады ведомство.

Алайда қылмыскер діттеген мақсатында жете алмады, оны кезекші бақылаушылар тобы қолға түсіріп, қазір дисциплинрлық изоляторға қамауға алынды.

Жаңалықтар
0