Оқиға

Қазақстанның оңтүстігінде қылмыскер колониядан қашып кетпек болды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТүрме күзетшісі,
Түрме күзетшісі, - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық ұлан жауынгері сотталғандардың бірі колонияның тыйым салынған ішкі аймағына жүгіріп бара жатқанын байқап қалған

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik.  Оқиға 9 қазан күні Түркістан облысы Леңгір кентінің маңында орналасқан түзету мекемесінде болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметі хабарлады.   

Сол күні 6698 әскери бөлімінің жедел қызметінің әскери қызметшісі Иван Дорохин УИС-108 түзету мекемесінде бекетте сақшы міндетін атқарып тұрған, ол сотталғандардың  бірі қатарды тастап, тыйым салынған ішкі аймаққа жүгіріп бара жатқанын байқайды. 

© Photo : ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметі 6698 әскери бөлімінің жедел қызметінің әскери қызметшісі Иван Дорохин
6698 әскери бөлімінің жедел қызметінің әскери қызметшісі Иван Дорохин  - Sputnik Қазақстан
6698 әскери бөлімінің жедел қызметінің әскери қызметшісі Иван Дорохин

Қатардағы Иван Дорохин уақыт жоғалтпай, оқиға туралы тез арада қарауыл бастығына баяндап, дабыл нүктесін басады. 

"Қашуға әрекет еткен сотталушыға айқалап, аспанға ескерту оғын атқан", — деп жазылған хабарламада. 

Ұлан жауынгерінің қырағылығының арқасында сотталушы әскери жасақ бастығы старшина Ж. Асқаров пен түзету мекемесі бастығының көмекшісі әділет капитаны Н. Үсенбаевтың қолына түседі. 

Жауынгер жоғары қолбасшылық атынан марапатқа ұсынылды. Ал, оның ата-анасына 6698 әскери бөлімі командирі атынан үлгілі тәрбиесі үшін алғыс хат жіберілді. 


Жаңалықтар
0