АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. 74 жастағы америкалық аңшы Сонни Гиллиган итінің құрбаны бола жаздады.
74 жастағы Сонни Гиллиган ұялы телефонмен жедел жәрдем шақырып үлгерген. Көп қан жоғалтса да, дәрігерлер аңшыны аман алып қалды. Гиллиганның оқ жарақатынан қабырғалары мен бұғанасы сынған, деп жазады life.ru.
"Телефонға қолым жеткені жақсы болды. Егер дәрігерлер тағы он минутқа кешіккенде, мен өліп қалар едім", — дейді Гиллиган.
Қазір аңшы Эль-Пасо ауруханаларының бірінде ем қабылдап жатыр. Ал оның иттері уақыттша жануарлар үйіне жіберілген. Гиллиган итіне еш өкпесі жоқ екенін айтады.
Итімен жыныстық қатынасқа түскен ерлі-зайыпты дүйім жұртқа масқара болды
"Бұл жазатайым оқиға ғой, достарым "Чарли мұны әдейі істеген жоқ па екен" деп қалжыңдағаны рас. Бірақ, ол ешкімге зиянын тигізбейтін мейірімді, жанашыр дос", — дейді Сонни Гиллиган.