АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Мәскеу облысының Быково ауылында екі ит қожайынын шайнап тастады. Тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Мәскеу облысы бойынша Ресей тергеу комитеті бас тергеу басқармасының мәліметінше, 13 қазан күні Раменский ауданындағы Быково ауылында жер үйдің аумағынан әйелдің денесі табылған. Көз жұмған әйел бордос догы тұқымды иттерді асырап, өсірумен айналысқан екен.
"Тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ит өз қожайындарына тап беріп, шайнап тастаған", — делінген хабарламада.
Иттердің әйелге неге шабуыл жасағаны белгісіз.