Экономика

Ұлттық банк екі ірі сақтандыру компаниясының лиценциясын тоқтатты

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуСақтандыру полистерін рәсімдеу, архивтегі фото
Сақтандыру полистерін рәсімдеу, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаржы реттеуші лицензияны тоқтатуға бірнеше себеп, оның ішінде компания атауының өзгеруі мен көптеген заң бұзушылықты анықтады

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. "ТрансОйл" және Freedom Finance Life сақтандыру компаниялары 2018 жылдың 31 қазанынан бастап сәйкесінше алты және үй ай бойы жұмысын жалғастыра алмайды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі. 

Әуежайдағы туристтер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шетелге шығатын туристі міндетті сақтандыру бойынша жаңашылдықтар енгізіледі

Компаниялардың лицензиясын уақытша қайтарып алуға мына жағдайлар себеп болған: Freedom Finance Life бұрын "Азия Life" өмірді сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы деп аталған, Ұлттық банк компанияға дәл осы атпен 2015 жылы лицензия берген. Компания жұмысын жалғастыру үшін атауының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта рәсімдеуі керек.

Ұлттық банк "ТрансОйл" сақтандыру компаниясы бірқатар заң бұзушылыққа жол бергенін хабарлады.  

• уәкілетті орган қолданатын шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамау;

• негізсіз сақтандыру сыйлықақыларын пайдаланған кездегі сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;

• қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзу.

Екі компанияның тұтынушылары үшін ештеңе де өзгермейді – Ұлттық банк хабарлағандай, бұрын жасалған шарттар бойынша барлық міндеттеме орындалуы тиіс.

 


Жаңалықтар
0