Қоғам

Шетелге шығатын туристі міндетті сақтандыру бойынша жаңашылдықтар енгізіледі

© Sputnik / Сергей Ермохин / Медиабанкке өтуӘуежайдағы туристтер
Әуежайдағы туристтер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл жаңашылдықтар қазақстандық туристерді қорғау мақсатында енгізіледі

АСТАНА, 26 қыркүйек  - Sputnik. Шетелге шығатын туристі міндетті сақтандыру бойынша жаңашылдықтар енгізіледі. Бүгін үкіметте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды. 

Заң жобасын таныстырған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, сақтандыру қызметтері қолжетімділігінің еліміздің ірі қалаларында ғана емес, өңірлерінде де өсуін, халық және бизнес үшін сақтандыру қызметтерінің сапасын арттыруды және құнын төмендетуді, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуді, сақтандыру нарығының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Ақышев заң жобасының негізгі бағыттарын атап өтті. Бұл онлайн-сақтандыруды енгізу, оның негізгі элементі бірыңғай сақтандыру дерекқоры болып табылады, ол міндетті сақтандыру полистері бойынша бірыңғай есепке алатын ұйым және "қойма" болады. 

Сондай-ақ, Ақышевтың айтуынша, заң жобасы қазақстандық туристерді қорғау мақсатында шетелге баратын туристің мүліктік мүдделерін міндетті сақтандыруға көшуді көздейді. 

"Туроператор шетелге баратын туристі сақтандыруды баратын еліне және сапарының күн санына қарай міндетті сақтандырудың бір бағдарламасы бойынша шығу туризмі саласында жүзеге асырады", – деп нақтылады Ұлттық банк төрағасы. 

"Заң жобасы халықаралық тәжірибені ескере отырып міндетті сақтандыруды көздейді. Оған қоса, заң жобасында тараптардың сотқа жүгіну құқығын сақтай отырып, сақтандырудың барлық санатына  омбудсманның өкілеттілігін кеңейту көзделген. Заң жобасы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қосымша кепілдіктерін көздейді", — деп атап өтті Ақышев.

Жаңалықтар
0