Спорт

Головкин "Канелодан" бұрын кіммен жекпе-жекке шығады?

© Sputnik / Тимур БатыршинГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Канеломен" үшінші кездесудің алдында Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін екі боксшы аталды

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. АҚШ-тың танымал испан тілді телеарнасы Univision қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің болашағына қатысты пікір білдіріп, спортшының әрі қарай кіммен жұдырықтасуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин - "Канело" үшінші жекпе-жегінің қашан өтетіні хабарланды

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын GGG промоутері Том Леффлердің жаңа DAZN ТВ-платформасымен келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды. Шартқа қол қойылса, қазақстандықтың болашағына қатысты көптеген болжам айтуға болады. 

"DAZN-мен келісім жасалса, Головкин — "Канело" үшінші жекпе-жегі ұйымдастырылады деген сөз, алдыңғы кездесулердің күмәнді нәтижелерінен соң бұл халықты қанағаттандыруы тиіс. Алайда кездесу бірден болмайды, Головкин Дэниэл Джейкобс және Деметриус Андрадемен титул үшін жұдырықтасуы мүмкін", — деп жазады дереккөз.

Айта кетсек, Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қарымта жекпе-жекте алғаш рет жеңіліске ұшырады. Төрешілердің шешімі  GGG-ді WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеулерден айырды.

Жаңалықтар
0