Спорт

Головкин - "Канело" үшінші жекпе-жегінің қашан өтетіні хабарланды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГоловкин - Альварес
Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен "Канелоның" үшінші кездесуі келесі жылы қыркүйекте болуы мүмкін

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. The Ring тілшісі Майк Коппинджер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің келесі жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин жеңілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегіне қарсылас таңдады

"Джейкобс, "Канело" сияқты, DAZN ТВ алаңқайында өтуі ықтимал. Бәлкім, сонда 4 мамырда Альвареспен бірінші жекпе-жекті өткізеді. Содан соң DAZN атқарушы директоры Джон Скиппер Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегін қыркүйекте көргісі келеді",  — деп жазды Коппинджер.

Естеріңізге сала кетсек, "Канело" — GGG алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы 16 қыркүйекте T-Mobile Arena рингінде өтіп, қос боксшы тең түскен болатын. Қарымта кездесу бір жыл өткен соң сол жерде болып, төрешілердің шешімімен "Канело" жеңімпаз атанды.

Британдық промоутер әрі DAZN басшысы Эдди Хирн мәлімдегендей, Головкин "Канелоға" қарсы үшінші рет жекпе-жекке шыққысы келсе, оның стримминг сервисімен шартқа қол қоюы тиіс.

Жаңалықтар
0