АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қала кәсіпкерлерімен кездесуінде жалақы өсуінің тауар бағасына әсері талқыланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев қазандағы жолдауында үкіметке қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есе – 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырған болатын.
"Кәсіпорын басшылары Елбасыны қолдап, өз қызметкерлерінің жалақысын көтеруге дайын екені қуантарлық жайт. Бұл, шын мәнінде, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға түрткі болады", — деді Әбдірахымов.
Жаңа жылда қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, кездесу барысында азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарлар бағасының өсу мәселесі де талқыланды. Ірі сауда орындары мен базарлардың басшылары сауда орындарын жалға беру мен азық-бүлік бағасын ұстап тұру шараларын жасауға уәде берді.