Әлем

Ресейде Федералды қауіпсіздік қызметі ғимаратында бомба жарған жасөспірім болып шықты

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуФедералды қауіпсіздік ғимаратындағы жарылыс
Федералды қауіпсіздік ғимаратындағы жарылыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеу комитеті "Теракт" және "Заңсыз қару-жарақ ұстау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Бастапқы мәлімет бойынша, Федералды қауіпсіздік қызметінің Архангельск басқармасының ғимаратында бомбаны жасөспірім жарып жіберген.

Керчьтегі политехникалық колледж жанындағы әскери қызметкер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Керчь колледжіндегі қанды қырғынның видеосы жарияланды

Қолдан жасалған жарылғыш затты 17 жастағы жергілікті тұрғын алып кіріпті. Жарылыс салдарынан жасөспірімнің өзі қаза тапқан, деп хабарлады Ресейдің Тергеу комитеті.

Комитет берген мәлімет бойынша, үш қызметкер жарақат алған.

Қазір Теракт" және "Заңсыз қару-жарақ ұстау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Архангельсктегі теракт

Сәрсенбі күні Архангельск облысы бойынша Федералды қауіпсіздік қызметі басқармасының ғимаратында жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш қызметкер зардап шегіп, жарылыс жасаған күдікті жасөспірім қаза тапқан.

Тергеу комитеті болған оқиғаны теракт деп атап, қылмыстық іс қозғады.

Қазір қылмыстың мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары атқарылып жатыр.

Жаңалықтар
0