Оқиға

Керчь колледжіндегі қанды қырғынның видеосы жарияланды

© Sputnik / Тамара Голованова / Медиабанкке өтуКерчьтегі политехникалық колледж жанындағы әскери қызметкер
Керчьтегі политехникалық колледж жанындағы әскери қызметкер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видеобақылау камерасына қылмыскердің жарылғышты іске қосқаны және студенттер мен оқытушыларды қырып салған сәті түсіп қалған

АЛМАТЫ, 21 қазан — Sputnik. Видеодан қару-жарақ, оқ-дәрі мен бомба салынған сөмкені асынған Владислав Росляков ғимаратқа кіріп бара жатқанын байқауға болады.  

Роликте студенттің жарылғыш затты іске қосып, алдынан шыққандарды атып тастаған сәті көрініс тапқан, видео "Россия" телеарнасында жарияланды. 

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Керчь атқышының әкесі ұлы туралы бар шындықты айтты

Видеобақылау камерасына сондай-ақ жарылыстан зәресі ұшқан жасөспірімдердің далаға жүгіріп шыққаны, колледж терезесінен жарықшақтар ұшқаны түсіп қалған.   

Видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады (Ескерту: кадрда зорлық-зомбылық бар). 

Естеріңізге сала кетейік, Владислав Росляков оқу орнында қолдан жасалған жарылғыш затты іске қосып, адамдарды атып тастаған болатын. Содан кейін колледж кітапханасында өзіне қол жұмсаған. 21 адам көз жұмды.

 

 

Соңғы мәлімет бойынша, Керчь политехникалық колледжіндегі қырғыннан кейін 45 адам ауруханаға түскен, олардың 25-і – балалар. Дәрігерлердің хабарлауынша, үш науқас хал үстінде жатыр.   


Жаңалықтар
0