Әлем

Полицей батареяға байлап қойған бұзақы тірідей пісіп қалды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЖылу батареясы
Жылу батареясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Учаскелік полицей ер адамды түнде байлап кетіп, таңертең өлі күйінде тапқан

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Якутияда ұсақ бұзақылық үшін ұсталған ер адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды РИА Новости.

Шырпы - Sputnik Қазақстан
Әйеліне ерегіскен ер адам төрт жасар баласын тірідей өртеп жіберді

Оқиға Андрюшкино ауылында болыпты. Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, түнде учаскелік полицей бұзақыны жылу радиаторына кісенмен байлап, кетіп қалған. Таңертең ер адам өлі күйінде табылыпты. Бастапқы деректер бойынша, ол қатты күйіп қалып, термикалық шоктан көз жұмған болуы мүмкін.  

Қазір сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ІІМ-нің өңірлік басқармасы хабарлағандай, ұсталған адам слесарь болып істеген екен, кісеннен босап шығу үшін, батареяның вентилін сындырған болса керек.

Жаңалықтар
0