АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. АҚШ-та 20 жастағы студент Кэйтлин Нельсон құймақ жеуден өткен жарыста көз жұмды.
Айналадағы адамдар бірден құтқару қызметіне қоңырау шалды. Шарада кезекші болған екі студент қыз америкалық бойжеткенді құтқаруға тырысты. Екеуі де медбике мамандығы бойынша білім алады екен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер Нельсонның тыныс алу жолдарынан "бетон сияқты қатты құймақ кесегін" тапқан, деп хабарлайды Fox News ақпарат порталы.
Студент қыз, алдымен жергілікті ауруханаға, кейін Нью-Йорктің жетекші медициналық орталығына жеткізілді. Алайда дәрігерлер науқасты ажалдан арашалап қала алмады. Қаза болған қыздың туысқандары шара ұйымдастырушыларын сотқа берді.
Қарабұлақта болған қайғылы оқиға ауыл тұрғындарын дүрліктірді
Құймақты пісірген мейрамхана болған жайтты "трагедиялық оқиға" деп атады.
Марқұмның отбасы қыздың органдарын мұқтаж жандарға берді.