Әлем

Су тасқыны кезінде ұлын жоғалтып алған әйелге ауыр айып тағылды

© Photo : СС0 / Hermann Traub Су тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел су басқан жолмен саналы түрде жүріп өтіп, бір жасар ұлын қолына алып, көліктен түскен, деп мәлімдеді полиция

АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. АҚШ-та жас әйелге су тасқыны кезінде бір жасар ұлын абайсызда өлтіріп алды деген айып тағылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Нәресте, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ауылда тұратын қырық жастағы әйел 44-ші баласын босанды

Солтүстік Каролина штатындағы "Флоренс" дауылынан туындаған су тасқыны кезінде 20 жасар Дазиа Айдиа Ли топан суда қалып қойып, қолындағы баласын су ағызып әкеткен. Бала көз жұмды, жас анаға абайсызда адам өлтірді деген айып тағылды.

Құқық қорғаушылар әйел полиция орнатқан қоршауды айналып өтіп, автокөлікті саналы түрде су басқан жолмен жүргізген деп есептейді. Су ортасында қалған әйел бір жасар ұлын қолына алып, көліктен түскен. Осы сәтте баланы су ағызып әкетіпті. 

Аталған іс бойынша  алғашқы сот отырысы 20 қарашада өтеді.

Жаңалықтар
0