АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қазақстандық Ділзат Әбдірашитов АҚШ-та қалай күн көріп жатқанын айтып, Инстаграмда видео жариялаған.
Жас жігіттің айтуынша, АҚШ-қа жұмыс істеп, білім алуға келсе де, кейін әйел адамды жолықтырып, қолына кіріп алған. Өзін асырап отырған әйелдің есімі Стефани, жасы 50-де. Ділзаттың сөзіне сенсек, Стефани бай көрінеді, көлігі де бар.
"Ол мұсылман емес, бірақ мұсылман жасаймын, шошқа жемейді, тамақ істей алады. Өзі көп сөйлейді, түсінбесем де, "yes" деп жауап беремін", - дейді жігіт.
Ділзаттың айтуынша, Стефанидің 55-58 жастағы әдемі әрі бай құрбылары көп екен.
Видео желі қолданушыларының үлкен наразылығын тудырды. Біреулер жатыпішер деп, жігітті айыптаса, басқалары қолпаштап, сәттілік тілеп жатыр.
Кейінірек ролик авторы мұның жәй қалжың екенін айтып, қолданушылардан сеніп қалмауды сұрады. Жігіттің айтуынша, видеодағы әйел – әріптесі, мейрамханада төрт ай бірге жұмыс істеп жүр екен.